Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұрғындар өтініші қараусыз қалмайды

Тұрғындар өтініші қараусыз қалмайды

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасын жүзеге асыру аясында жасақталған қабылдау кестесіне сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Каюпов тұрғындардың арыз шағымдары мен талап тілектерін тыңдады.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Жұмакүл Келжанова есігінің алдындағы өзіне тиесілі 10 соттық жердің 7 сотығы қазылып үңгір болып қалғанын айтып, құм толтырып беруге көмек сұрады. Ал, Кулшара Айымбетова Алматы қаласында 1 курс оқитын студент қызын Қорқыт ата университетіне қашықтықтан оқытуға ауыстыру жолдарын іздейді. Ал көп балалы ана Мөлдір Ахметова медициналық колледж бітірген білімі бар екенін тілге тиек етіп, мамандығына сай жұмыспен қамтуға ықпал етсеңіздер дейді.

Қабылдауда болған әрбір азаматтың өтінішін жеке-жеке тыңдаған басқарма басшысының міндетін атқарушы Руслан Каюпов келушілерге заң аясында кеңес беріп, шешілу жолдарын зерттеп реттеуге уәде етті.
19 қаңтар 2021 ж. 117 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области