Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ұрлық жасамақ болған азамат оқиға орнында қолға түсті

Қызылордада ұрлық жасамақ болған азамат оқиға орнында қолға түсті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер ұрлық жасамақ болған тұрғынды оқиға орнында ұстады.

14 қаңтарда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаладағы мекемелердің бірінің ғимаратына белгісіз ер адамның жасырын түрде кіргені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері екі ноутбукты қолды еткен күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Шығын сомасы 600 000 теңгені құрайды. Қазіргі таңда облыс орталығының 1977 жылы туған тұрғыны болып табылатын күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа оқталу) арқылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарға мұқият болуды және тұрғын үйлеріне бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуды ұсынады. Сондай-ақ пәтер ұрлықтарының алдын алу үшін кіреберіс есіктерді сенімді құлыптармен нығайту, ал терезелерге темір торлар орнату қажеттігін ескертеді.
18 қаңтар 2021 ж. 138 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области