Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сымбат Абдрахманова: Кибербуллингті жеңуге болады

Сымбат Абдрахманова: Кибербуллингті жеңуге болады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп Достық үйінде «Кибербуллинг. Бала болашағына алаңдау» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Қазіргі күнгі ең өзекті мәселелердің бірі Кибербуллинг тақырыбындағы өрбіген шараға психолог Сымбат Абдрахманова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері, этнос жастары, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.
«Кибербуллинг-бұл сандық технологияларды қолдану арқылы қорқыту және қудалау. Ол әлеуметтік желілерде, хабар алмасу қосымшаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда өтуі мүмкін. Жыл өткен сайын ғаламтор қолданатын балалардың саны артып келеді. Бұл әрине алаңдатпай қоймайды. Қазір жасөспірімдер арасында болып жатқан бұзақылықтың барлығы ғаламтордың әсерінен. Балалар интернетте көргенін өмірде қайталайды. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, бүгінгі кездесуді ұйымдастырып отырмыз», – деді кездесудің модераторы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қанат Ақылбеков.
Кибербуллинг балаларға зиянды және ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін. Сол себепті онымен қалай күресуге болады? Ол үшін ата-ана, кибербуллингке ұшыраған жандар не істеуі керек? Оның алдын-алу секілді өзекті мәселелер төңірегінде Назарбаев Зияткерлік мектебі «Еріктілер орталығының» белсенді мүшесі Дильназ Сұлтанбекова толықтай тоқталып, қажетті кеңестер берді.
Ал, психолог, «100 Жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахманова ғаламторға тәуелділіктің қоғамға тигізер әсері жайлы сөз қозғады.
«Кибербуллинг бізге түрлі жолдармен әсер ете алады. Бірақ оны жеңуге болады. Ол үшін адам өз-өзіне сенімді болуы керек. Тіпті отбасындағы ең сенімді қарым-қатынас кезінде ата-аналар кейде балаға қауіп төндіретін қатерді уақытында байқай алмайды және оның алдын-алуды әрдайым білмейді. Сол себепті баладағы мазасыз мінез-құлық, депрессия, мектепке барғысы келмеу – баланың агрессияға ұшырауының ең айқын белгілері екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, егер бала интернетте уақытты өткізуді ұнатса және оны кенеттен тоқтатса, себебін анықтау маңызды», – деді Сымбат Абдрахманова.
Кездесу аясында тұщымды ойлар айтылып, пікір алмасуға ұласты.
18 қаңтар 2021 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области