Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс және қала әкімдері қабырғасы шыныдан жасалған кабинетке отырғызылады

Облыс және қала әкімдері қабырғасы шыныдан жасалған кабинетке отырғызылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда облыс және қала әкімдерін іші көрініп тұратын кабинеттерге отырғызуы мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бұның бәрі біртіндеп жасалады. Қазір ол жақта кейбір ғимараттар кеңестік заманда салынған. Оны қайта салып шығу мүмкін емес. Ал жаңа ғимаратта міндетті түрде болады», – деді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.
Агенттік басшысы осы саладағы жұмыстың кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді. Аудан әкімінен бастап барлық шенеунік ашық кабинетте отырады.
«Мысалы, қазір аудан әкімдері бірінші қабатта шынымен бөлінген кабинетте жұмыс істейді. Уақыт керек. Мен Алматы облысында болғанмын. Департамент басшылары да, аудан әкімдері де, ауыл әкімдері де солай. Біртіндеп жасалады. Бәрін бір күнде жасау мүмкін емес», – деп атап өтті Шпекбаев.
Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органды трансформациядан өткізу жоспарланып отыр. Сонда олардың жұмысы ашық, ал халыққа қолжетімді болады.
«Біз осы жұмысты жалғастыра береміз. Қазірдің өзінде біраз шаруа атқарылды. Аудан әкімдерінің барлығы осы стандартқа ауысты деуге болады. 1 400 ұйым Open space форматында жұмыс істеді. Шамамен, 900 фронт-офис ашылды», – дейді Шпекбаев.
Айта кетейік, жақында агенттік басшысы өзінің Facebook парақшасында білім беру мен денсаулық сақтау мекемелеріне жетекшілік ететін 5 мыңнан астам басшының бірінші қабатқа көшіп, сол жердегі шыны кабинетке орналасқаны жайында жазды.
14 қаңтар 2021 ж. 98 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области