Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр балуандары V Жастар ойындарына дайындық жүргізуде

Сыр балуандары V Жастар ойындарына дайындық жүргізуде

Kyzylorda-news.kz. ҚР V Жастар спорт ойындарының алдындағы грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиыны «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтуде.

Жастар құрамасының аға бапкері Ермек Көкетов жетекшілігімен оқу-жаттығу жиынына Қызылорда қаласы мен аудан спортшылары қатысуда. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын ҚР V Жастар спорт ойындары аясында грек-рим күресінен жарыс 24-26 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың өтетін аймағы әзірге белгісіз.

Еліміздің барлық өңірінен қатысатын спортшылар 10 салмақта жүлделерді сарапқа салады.

Сыр елінен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері, спорт шеберіне үміткерлер 55 келіде Қасымхан Мейрамбекұлы, 60 келіде Ернат Кеңес, 67 келіде Нұрбол Бағдаулет, 72 келіде Берекет Ақбалаев бастаған және тағы басқа облыстың жастар құрамасы бақ сынайды.
14 қаңтар 2021 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области