Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада былтыр заңсыз айналымдағы 246 қару тәркіленді

Қызылордада былтыр заңсыз айналымдағы 246 қару тәркіленді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 8 мыңнан астам тұрғын иелігіне 11 мыңнан аса қару тіркелген.

Өткен жылы заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеуге, ұрланған, жоғалған қаруды іздестіруге және атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүйелі түрде өткізілуде.

Шара барысында өткен жылы заңсыз айналымнан барлығы 246 қару тәркіленді. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабымен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік жауапқа тартылды. 8 мыңнан астам жеке қару иелерiнің аңшы қаруын сақтау заңдылығы тексерiлiп, азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегімен 542 құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар көрілді.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап республика көлемінде заңсыз сақтаудағы қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды қабылдау акциясы өткізіліп, оның барысында азаматтардан 79 өтініш түсті. 126 дана қару қабылданып, Қызылорда облысына республикалық бюджеттен бөлінген 8 млн. 153 мың теңге қаражат толығымен игерілді.
13 қаңтар 2021 ж. 94 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области