Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін талқылады

Гүлшара Әбдіқалықова мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін талқылады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасау бағытындағы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Нұрмұрат Ермановпен кездесіп, алдағы жұмыстарды саралады.

Талқылау барысында облыс әкімі аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту, оларға тең орта құру бағытында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мәселесін қозғады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы «Жол картасында» көзделген негізгі басымдықтар бойынша пікірлесті.

Бүгінгі күні өңірде әлеуметтік бағыттағы басымдықтар қамтылғаг 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру бойынша Жол картасы бекітілді.Жол картасында облыстағы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, оларды қоғамда әлеуметтендіруге жағдай жасауға, бірыңғай ақпараттық ресурстар құруға бағытталған шаралар қамтылған.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн портал арқылы оңалту құралдарының 55 техникалық түрі мен қызметтерін ала алады. Атап айтқанда, санаторий-курорттық емдеу, протез-ортопедиялық көмек, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері онлайн портал арқылы іске асады. Бұл ретте ерекше жандарға қажетті оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге арналған қаржы жылдан-жылға артып келеді.

Өз кезегінде Нұрмұрат Ерманов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік қызметтерді алудағы мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтіп, тиісті жұмыстарды үйлестіруде бірлескен жұмыстардың нәтижелілігін баяндады.

Айта кету керек, Қызылорда аймағында 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 5 мыңы – балалар.
13 қаңтар 2021 ж. 81 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области