Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасымен кездесті

Облыс әкімі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовпен кездесті. Кездесуде комитет төрағасы облыстық экология департаментінің жаңа басшысы Нұржан Өмірсекұлын таныстырды.
Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінде есепші болып бастаған. Кейінгі жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы секілді жауапты қызмет атқарған.
«Зулфухар Сансызбайұлы Сыр еліне қош келдіңіз! Бүгінгі күні экология саласында бірқатар мәселелер бар. Нұржан Өмірсерікұлы тәжірибесін пайдалана отырып, ауқымды жұмыстар атқарады деп сенемін. Тұрғындардың денсаулығына экологияның ластануы тікелей әсер ететіні белгілі. Сол себепті бұл сала үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңа қызметте сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Сонымен қатар кездесуде аймақтың экологиялық жағдай мен алдағы жоспарлар талқыланды.
12 қаңтар 2021 ж. 14 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области