Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 7 жәбірленушіге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Қызылордада 7 жәбірленушіге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1994 жылы туылған қала тұрғыны арызданды.

Арызданушы желтоқсан айында жүргізуші куәлігін алу үшін, бейтаныс ер азаматқа 139 300 теңге көлемінде қаржы берген.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған, 38 жасар қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Алаяқ өз ісін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 4 тармағымен (алаяқтық, бірнеше рет жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті бұдан өзге, тағы да алты қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1 500 000 теңгені құрайды.
12 қаңтар 2021 ж. 12 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области