Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәжіліске ҚХА-дан 9 депутат сайланды

Мәжіліске ҚХА-дан 9 депутат сайланды

Kyzylorda-news.kz. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.

ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі:

Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.

Белгілі болғандай, дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны – 351 адам.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс берілді. 11 қаңтарды Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.
12 қаңтар 2021 ж. 17 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области