Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәжіліске өткен үш партия қанша мандат алғаны белгілі болды

Мәжіліске өткен үш партия қанша мандат алғаны белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске өткен Nur Otan, Ақ жол және Қазақстан халық партиясының қанша мандат алғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комиссия төрағасының орынбасары Констатин Петровтың айтуынша, мандаттарды тарату шаралары «Сайлау туралы» конституциялық заңның аясында атқарылады.
«Оған сәйкес, «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алады», – деді Петров.
«Демек, бүгіннен бастап партиялар мандаттарды тарату кезегін анықтауы тиіс. Егер белгіленген уақыттың ішінде мандаттарды тарату кезегі анықталмаса, Орталық сайлау комиссиясы тіркелген партиялық тізімдер бойынша мемлекеттік тілдегі алфавит тәртібімен мандаттарды таратады. Осыған орай, арнайы қаулы да қабылданады», – деп атап көрсетті Петров.
Заң бойынша мандаттардың тарату кезегін партияның басқарушы органы сайлауға ұсынған партиялық тізім бойынша анықтайды. Оған 10 күн беріледі.

Бүгін комиссия мүшелері мәжіліс сайлауының соңғы нәтижесін жариялады:
Nur Otan – 71,09%;
Ақ жол –10,95%;
Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
Ауыл–5,29%;
Адал –3,57%.
Сонымен, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтіп отыр. Қалған екеуі жеті проценттік шекті бағындыра алмады.
12 қаңтар 2021 ж. 18 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области