Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Биыл – еліміз үшін ең маңызды тарихи жыл

Гүлшара Әбдіқалықова: Биыл – еліміз үшін ең маңызды тарихи жыл

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 2021 жыл қазақ елі үшін маңызды тарихи жыл екенін айтты.

Қымбатты жерлестер!

Міне, бүгін Жаңа 2021 жылдың алғашқы күнін қарсы алып отырмыз.

Жаңа жыл баршаңызға жақсылығы мол, сәттілікке толы, игілігі мен ізгі істері қатар жүретін жыл болсын! Биыл – еліміз үшін ең маңызды тарихи жыл! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында жүрген жолымызды сараптап, барлық ісімізді кешенді жалғастырамыз. Сонымен бірге, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150, дала академигі – ақ күріштің атасы Ыбырай Жахаевтың 130 жылдық мерейтойларын ел болып атап өтеміз.

Былтыр қол жеткен жетістігімізді еселей түсуіміз қажет. Сыр халқының ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасында игі істеріміз жалғасып, кең байтақ еліміздің ырыс-несібесі арта берсін деп тілеймін! Денсаулықтарыңыз мықты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, Туы биік болсын!
01 қаңтар 2021 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области