Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта 11 айда 21 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

Жалағашта 11 айда 21 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменовты қабылдап, ауданның биылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есебін тыңдады.

Жалағаш ауданында 2020 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған макро-экономикалық көрсеткіштері бойынша жалпы өсім қалыптасқан. Аудан әкімінің айтуынша, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 130,5 пайызға өсіп, 9,2 млрд теңгенің өнімдері өндірілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 15 млрд 612 млн теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 110,5 пайызға артса, құрылыс жұмыстарының көлемі 2,5 есеге ұлғайған. Сонымен қатар биыл жалпы құны 4 млрд 897 млн теңгеге 174 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ Асылбек Шәменов аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға есепті мерзімге 21 млрд 541 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілгені жөнінде ақпарат берді. Қамбаға 149 472 тонна күріш жиналып, жақсы көрсеткішке қол жеткізілген.
Аудан әкімі өңір басшысына Жұмыспен қамтудың жол картасының іске асырылу барысы туралы да айтты. Аталған бағдарлама аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін 1,8 млрд теңге тартылып, 700-ге жуық жұмыс орны ашылған.

Кездесу соңында аймақ басшысы Жалағаш ауданының әкіміне бөлшек сауда көлемі көрсеткішін жақсарту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, экономикалық жобаларды әртараптандыру бағытында бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, облыс әкімі аудандағы эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды қатаң тапсырды.
24 желтоқсан 2020 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области