Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ


Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 1036 қаулысы.
2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1)  2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2)  2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі –  Іс шаралар жоспары) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауаптылар:
1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д.Ысқақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қызылорда облысының
                 әкімі                                                               Қ. Көшербаев

13 ақпан 2018 ж. 9 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области