Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСТАНАНЫҢ ЖАҢА АУДАНЫНА БАЙҚОҢЫР АТАУЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

АСТАНАНЫҢ ЖАҢА АУДАНЫНА БАЙҚОҢЫР АТАУЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ


    Астана қаласының ономастикалық комиссиясы елорданың төртінші ауданына Байқоңыр атауын беруді ұсынды, деп хабарлайды Елорда инфо.
    Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың айтуынша, бұған дейін ономастикалық комиссияға бірнеше атаулар ұсынылған екен. Атап айтқанда, Тәуелсіздік, Қорғалжын сынды  тарихи атаулар болды.
    "Төртінші ауданның атауы ретінде бірнеше атаулар келіп түсті. Соның бәрін қарай отырып, сіздермен ақылдасайық деп алдарыңызға келіп отырмыз. Астана егемен елдің елордасы болғандықтан оның атаулары келбетіне сай болуы керек" - деді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.
    Бүгінде Байқоңыр ғарыш айлағының жұмысына 60 жылдан асты.
    "Ұлт мақтаныштары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер осы Байқоңыр айлағынан  ғарышқа ұшып, абыройымызды асқақтатқан болатын. Сондықтан жаңа ауданға адамзат тарихында орны бар, аты алтын әріппен жазылған Байқоңыр атауын беруді ұсынамыз" - деді ономастикалық комиссия төрағасы.
    Қоғамдық кеңеске қатысқан маслихат депутаттары комиссия ұсынысын бірауыздан қолдады. Енді аталған атау халықтың талқысына салынады.
    Айта кетейік, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, елорданың төртінші ауданында шамамен 150 көше болады.
    Елордада құрылып жатқан жаңа ауданға Алматы және Сарыарқа аудандарының аумағынан ішінара 16,5 мың гектар жер беріледі.

13 ақпан 2018 ж. 7 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области