Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН


    Қызылорда облысында аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 330 адамға азайса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебіндегі жұмысқа жарамдылардың үлесі 2,3 пайызға төмендеді.
    Әлеуметтік қорғау шаралары аясында 69525 аз қамтылған азаматқа 1645,3 млн теңгеге балалар жәрдемақысы және әлеуметтік көмек төленді.
    Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар саны артып келеді. Бүгінде 5 үкіметтік емес ұйым 200 мүгедек баланы арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде.
    Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру Тұжырымдамасына сәйкес 2018 жылдан бастап үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес секторда күндіз болу бөлімшелеріне кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда.
    Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасы бірлесіп бекіткен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасына сәйкес облыс деңгейінде мүгедектерге арналған мемлекеттік бағдарламалар, жұмыс квоталары, оңалту шаралары, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік көмектер туралы қажетті мәліметтерді қамтитын дербес және қолжетімді «Кедергісіз келешек» сайты ашылып, қолданысқа енгізілді.
    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2017» байқауының қорытындысы бойынша «СКЗ-U»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Еңбек қорғау саласында үздік кәсіпорын»  номинациясы бойынша лауреат атанды.

12 ақпан 2018 ж. 186 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области