Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Олжабек Холов: Киік саны 55 пайызға көбейді

Олжабек Холов: Киік саны 55 пайызға көбейді

Kyzylorda-news.kz. Қазақ даласында 335 мыңға жуық киік бар. Бұл көрсеткіш өткен жылы ғылыми ұйымдардың жүргізген санақ жұмыстары кезінде белгілі болды. Бұл туралы Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олжабек Холов «Киік» акциясына орай ұйымдастырылған брифингте мәлімдеді.
Республика көлемінде жүргізілетін бұл кең ауқымды шара желтоқсан айының 1-31 күндері аралығында өткізіледі. Осы уақытта инспекция мамандары сақтық шараларын күшейтіп, ақбөкендердің топтасуына жағдай туғызады.
«Жоспар бойынша қысқы іс-шаралар 1-31 желтоқсан аралығында жүргізілетін болады. Жылдың қараша-желтоқсан айлары киіктің текелері мен ешкілері топтасып, ұйығатын уақыт. Жылына бір рет мамыр айының екінші онкүндігінде жаппай төлдейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Бетбақдала популяциясында – 111 500 бас, Орал популяциясында – 217 000 бас, Үстірт популяциясында 5900 бас, барлығы 334 400 китік бар. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 55 пайызға көбейген», – дейді бөлім басшысы Олжабек Холов.
Қазіргі таңда киік пен броконьер сөзі қатар қолданылатыны белгілі. Уақытында киік жануарының саны күрт азаюына байланысты үкіметте қаулы дайындалып, киелі аңды аулауға 2020 жылға дейін тыйым салынған болатын. Биыл ақпан айында 2015 жылдың 24 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 2023 жылға дейін республиканың барлық аумағында ақбөкендерді аулауға рұқсат берілмейді. Алайда Қазақстанның Қызыл кітабына енген киелі жануарды барынша қорғағанымен, оны аулау, заңсыз атып алу заң бұзушылықтары тыйылар емес.
Бөлім басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында облыс көлемінде киік аңына қатысты 5 броконьерлік деректер анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Екі қылмыстық іс бойынша сот ісі аяқталып, қазіргі таңда 2 құқық бұзушының бірі 2 жарым, ал екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Бүгінгі күні 1 іс сотта қарлуда. Ал 2 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген залалды есептеу ережесі күшейтілген тәртіпте өндірілетін болады. Мәселен, 1 бас ақбөкеннің серкесін аулағаны үшін 500 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 6 млн 250 мың 500 теңге айыппұл төлейді. Сонымен қатар сотты болған азаматтан қылмыстық әрекеттер объектісі, қаруы, пайдаланылған көлік құралдары, қылмыс құралы болып табылатын мүліктер тәркіленетін болады», – дейді Олжабек Холов.
Киелі жануарды қорғай жүріп, табиғат залал келтірген, ақбөкен аулаған броконьер инспекция қызметкері де бар. Биыл қаңтар айында полиция қызметкерлерімен бірлескен шарада облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері киік атып, заңсыз тасымалдағаны үшін кінәлі деп табылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Киік аңы қыс мезгілі түскен уақытта Қызылорда облысының аумағындағы Бетпақдала популяциясына шоғырланады. Ақбөкендердің оңтүстікке қарай ойысуымен қатар ұйығуы кезінде қызылордалық инспекция мамандарының да жүгі ауырлайтыны сөзсіз. Мамандардың айтуынша, киіктерді бақылауға барлық мүмкіндік жасалып, техникамен толық қамтамасыз етілген.
«Қазіргі таңда броконьерлікпен күресті тоқтатқанымыз жоқ. Жалпы, броконьерлермен жұмыс күндіз-түні тоқтамайды. Тәулігіне 24 сағат құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасалуда. Аңшылармен күрес жұмыстарына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары, сондай-ақ «БПЛА» құрылғысымен де қамтамасыз етіліп, табиғатты қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді», – дейді «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының директоры Берік Жорабеков.
Айта кетейік, биыл сәуір айында ірі көлемде киік аулаған броконьерлер ұсталған болатын. Броконьерлер бір автокөлікке 54 бас киік аңын салып алған. Сонымен қатар тексеру барысында көліктен 224 дана киіктің мүйізі табылған. Осы қылмыстық іске қатысты 4 адам Қарағанды облысында қамауда отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Динара Маханова
24 қараша 2020 ж. 43 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области