Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ләйлә Төрешова жас әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті

Ләйлә Төрешова жас әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының партия жұмысын жандандыруға арналған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында қоғамның партияға сенімін арттыру, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту және әлеуметтік желілердің мүмкіншілігін барынша пайдаланып, ашық форматтағы жұмыстарды жандандыру мәселесі қамтылған.

Елбасы, Партия Төрағасының тапсырмаларын өңірде жүйелі жүзеге асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова жас әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары қазіргі уақытта желі әдебі, фейк ақпаратты анықтау тәсілдері, төтенше жағдайда және басқада оқиғалар кезінде ақпараттарды таратудағы медиасауыттылық тұрғысында мәселермен көп кездесеміз. Осы тұста жас әлеуметтік желі белсенділерінің сауатты болуын алға тартып, халықты алаңдататын мәселелерді ашық көтеруге шақырды. Сондай-ақ олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Өз сөзінде белгілі журналист, әлеуметтік желі белсендісі Гүлбану Мақажан ақпарат таратуда әліге дейін қарапайымдылық жетіспей жатқандығын айтып, әріптестерін барынша бұқараға түсінікті жазуды ұсынды.

Жалпы кездесу барысында жастар ұсыныстарының барлығы назарға алынды.
24 қараша 2020 ж. 43 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области