Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадан 450-ге жуық азамат әскерге аттанады

Қызылордадан 450-ге жуық азамат әскерге аттанады

Kyzylorda-news.kz. Сыр елінен күзгі мерзімде 800-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бүгінде 450 жас әскер қатарына қосылды.
Жас сарбаздар әскери борышын ҚР Ұлттық ұлан қызметінде, ҚР Қарулы күштері қатарында, шекара қызметінде өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ҚІЖД мерзімді әскерге шақыру бөлімінің бастығы Нұржан Мелдебеков мәлімдеді.
«Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пунктінде санитарлық посттар қойылды. Барлығында медициналық маман отырады. Әскерге шақырылушылар санитарлық нормаға сәйкес тексеріліп, медициналық комиссиядан өтеді. Азаматтарды әскерге жөнелту санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізілуде. Айта кетейін, күзгі шақыру үстіміздегі жылдың 9-шы қыркүйекте басталды. Желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады», – деді майор Нұржан Беркімбайұлы.
Биыл өңірде әскери міндетті атқару шеңберінде жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған қаражат дәрігер мамандардың еңбекақысына, әскерге шақырылушыларды тасымалдауға, облыстық және қала, аудандық шақыру пункттерін күтіп-ұстауға, сондай-ақ, жетіспейтін медициналық материалдық-техникалық құралдар мен шығыс материалдарын сатып алуға және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтуға жұмсалуда.
24 қараша 2020 ж. 50 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области