Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария: Тәжірибелі механизатор автокөлік мінді

Сырдария: Тәжірибелі механизатор автокөлік мінді

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылындағы «Ақжарма-2» шаруа қожалығында «Алтын дән – 2020» мерекелік шарасы өтті.
Еңбеккерлер мерекесі карантиндік талаптарға сай ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды.
«Шаруашылық еңбеккерлері жыл сайын ерен еңбек үлгісін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Биылғы жылы біз 1000 гектар жерге Сыр дақылын егіп, гектарынан 67 центнерден өнім алдық. Соның нәтижесінде, қамбаға мол өнім құйылып, мерейіміз тасуда. Мұндай жетістікке шауашылық еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында жеттік. Биылғы жыл біз үшін ерекше болып отыр. Өйткені, егін жинау науқаны басталар тұста шаруа қожалықта күріш тазалау зауыты іске қосылды. Алдағы уақытта шаруашылық жұмысын жандандыру үшін түрлі жобалар жүзеге асады», – деді аудандық мәслихат депутаты, шаруашылық төрағасы Марат Бисенов.
Шаруаларды мерекемен құттықтаған төраға жылдағы үрдіске сәйкес еңбекте озат шыққан үздіктерді марапаттады. Алдымен, әркез тілекші болып жүрген ауыл ақсақалдарына сый-құрмет көрсетсе, содан кейін еңбеккерлерді түрлі номинациялар бойынша марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Олардың ішінде, шаруашылықтың тәжірибелі механизаторы, кәнігі комбайыншы Ерлан Күшікбаев «Жыл үздігі» атанып, автокөлік мінді. Ол биылғы науқанда «Торум-750» маркалы комбайнмен 32 624 центнер астық бастыруды қамтамасыз етті.
Шаруашылық төрағасы білікті механизатордың еңбегін атап өтіп, жаңа көліктің кілтін табыстады. Айта кету керек, Ерлан Күшікбаев биылғы ауданның «Алтын дән – 2020» мерекелік шарасында «Үздік комбайнер» номинациясы бойынша аудан чемпионы атанған.
24 қараша 2020 ж. 40 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области