Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда құс фабрикасы салынады

Жаңақорғанда құс фабрикасы салынады

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында құс фабрикасы салынады.

«Абдулла» шаруа қожалығы жүзеге асыратын құс фабрикасы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәліз маңынан салынады.

Осыған орай, Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов инвесторларды қабылдады.

Шаруа қожалығының иесі қызылордалық Абдулла Тәжімбетов. Қазіргі таңда ол Ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Кәсіпкер фабриканың туған жерге салынуына ықпал етіп, қазір инфрақұрылымына қатысты құжаттармен айналысуда. Ал, желтоқсан айында фабриканың құрылыс жұмысын бастап, 2021 жылдың аяғына дейін нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл жоба ҚР Ұлттық банктің республикалық кеңесінде мақұлданды. Жобаның 2 млрд 888 млн 934 мың 729 теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жылдығы 6 процент жеңілдетілген несиемен қаржыландырылатын болды. Қалған 1,2 млрд теңгесін инвестор қаржыландырады.

Құс фабрикасы жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін болады. Сондықтан 12 ангар белгіленген. Алдымен газ, су, электр энергиясы жүйесі, жол тарту мәселесі бірінші кезекке қойылып отыр және оны жүзеге асыру жолы аудан әкімімен келісілді.

Фабрика жұмысын бастаған соң, аудандағы 120-150 жұмыссыз азамат жұмысқа қабылданатын болады.
24 қараша 2020 ж. 44 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области