Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында өнім өндіру 3,5%-ға артқан

Қызылорда облысында өнім өндіру 3,5%-ға артқан

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 2020 жылдың 9 айында өнім өндіру 3,5%-ға артып, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да көбейген. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
«Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру осы жылдың 9 айының қорытындысымен 3,5%-ға, ауыл шаруашылығында 3,1%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4%-ға (45-тен 47,4 мыңға дейін) өсті», – деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыс әкімі биыл Сыр өңірінде 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық.
Сонымен қатар, өңірде өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі 69,5%-ды құраған.
«Төмендеудің объективті себептері бар. Өткен жылы бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру аяқталды, олардың үлесіне жылдық инвестициялар көлемінің шамамен 30%-ы тиесілі болды. Биыл енгізілген шектеулерге байланысты жалпы экономикаға инвестициялар көлемі қысқарды, бұл құрылыс жұмыстарының көлеміне де әсер етті (50,8%)», – деді бұл тұрғыда Г.Әбдіқалықова.
23 қараша 2020 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области