Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова Еңбек ардагері Сәпен Аңсатовты мерейтойымен құттықтады

Гүлшара Әбдіқалықова Еңбек ардагері Сәпен Аңсатовты мерейтойымен құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Еңбек ардагері, «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатовты 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы мерейтой иесініңғибратты ғұмыры өзгелерге үлгі, жастарға өнеге екенін айтып, ұзақ ғұмыр, шығармашылығына зор табыс тіледі.

«Аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген құрметті азаматтарымыздың бірісіз. Түрлі басылым беттерінде адами қасиеттерді ұлықтайтын, ұрпақ тәрбиесіне байланысты эссе, очерк мақалалары, «Мәуелі мезгіл» ғұмырбаяндық және ата-бабалар ұстанымдары жайлы «Болмыс» атты кітабын жазып, құнды мұра қалдырдыңыз. Сіздің еңбек жолыңыз өскелең ұрпаққа өнеге болары анық. Бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Мұнан соң аймақ басшысы Еңбек ардагері Сәпен Аңсатовқа Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстап, иығына шапан жапты. Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық мәслихаттың депутаты Шәкизада Әбдікәрімов мерейтой иесінің өмір жолынан естеліктер айтып, елге сіңірген еңбегінің орасан екенін жеткізді.

Өз кезегінде Сәпен Аңсатовқұрмет көрсетіп, еңбегін елеген аймақ басшысына алғысын жеткізді.

Еске салайық, Сәпен Аңсатов – 1940 жылы 21 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1975 жылы Қызылорда қаласындағы «Комсомол» совхоз техникумын техник-механик мамандығы бойынша, 1984 жылы Жамбыл су шаруашылығы құрылысы институтын инженер-механик мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген.

1958-1976 жылдары Жосалы механикалық зауытында токарь, слесарь, мастер, механикалық цех бастығы, комсомол, кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі.

1977-2000 жылдары Қызылорда ағаш өңдеу, силикат қабырғалық материалдар зауыттарында, мұнай базасында директор, «Қызылорда мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының вице-президенті, «Сырдария мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған.2000 жылдан бастап зейнетте.
Қармақшы ауданының Құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің иегері.
20 қараша 2020 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области