Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Санитариялық авиация» термині «медициналық авиация» болып өзгерді

«Санитариялық авиация» термині «медициналық авиация» болып өзгерді

Kyzylorda-news.kz. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI кодексіне сәйкес «санитариялық авиация» термині «медициналық авиация» болып өзгертілді.

Медициналық авиация – бұл әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК көрсетеді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.

Медавиация жұмысы мынадай бағыттарда жүргізіледі: пациенттерді тасымалдау, консультациялар мен операциялар жүргізу үшін жоғары білікті мамандарды әуе көлігімен жеткізу, телемедициналық консультациялар өткізу, сондай-ақ донорлық органдар мен биоматериалдарды тасымалдау.

Медициналық авиация қызметін тартуға медициналық көмектің қол жетімділігінің қиындығы немесе одан қашықтығы, пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық жабдықтың немесе білікті маманның болмауына байланысты медициналық көмек көрсетудің мүмкін еместігі, ауқымы басқа көлік түрлерімен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету қажеттілігі, оқиға орнына білікті мамандарды жеткізу негіз болып табылады.

Медавиация нысанында медициналық көмек көрсетуді республикалық немесе облыстық маңызы бар медициналық авиацияның мобильді бригадасы (бұдан әрі – МАМБ) білікті медициналық мамандары жүзеге асырады. Бұл топтар пациенттің патология бейініне сәйкес жабдықталған, МАМБ құрамына дәрігер мен фельдшер кіреді. Қажет болған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың медициналық ұйымдарынан бейінді мамандар тартылады.

Медициналық авиация желісі бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде ұйымдастырылды. Жедел медициналық жәрдем станциясының жанында әрбір облыс орталығында барлық аудандық медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтын үйлестіруші дәрігер жұмыс істейді, бұл шалғай және жетуі қиын аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әуе кемелерін медициналық авиация желісі бойынша пайдалану бағыттың қиындығына қарамастан, оған мұқтаж әрбір адамға жедел және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
20 қараша 2020 ж. 25 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области