Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 320 жүргізуші Армениядан әкелінген автокөліктерін тіркеді

Қызылордада 320 жүргізуші Армениядан әкелінген автокөліктерін тіркеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 1 маусымынан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан азаматтарына тіркеп әкелінген автокөліктерді есепке қою жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай автокөліктерді тіркеу уақыты 2021 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылуда.

Облысымыздың 320 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарын ұсына отырып, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде көзделген баптарға сәйкес 11946 теңге төлемдерін төлеу арқылы өз автокөліктерін тіркеген. Бүгінгі күнге тіркелген автокөліктердің 20-сы басқару органы оң жақтан сол жақа ауыстырылған көлік құралдары болып табылады.

Осы ретте, Армения Республикасынан автокөлік әкелген Қызылорда облысы тұрғындарын, авокөліктерін Заң аясында белгіленген мерзім ішінде тіркеуге қоюға шақырамыз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беру мақсатында Call-орталығы (тел: 8-7242-29-77-44, 29-73-52) арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
18 қараша 2020 ж. 55 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области