Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Құжатты үйге жеткізіп беру 2240 теңге тұрады

Қызылорда: Құжатты үйге жеткізіп беру 2240 теңге тұрады

Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімінде дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды. Бұл туралы филиал басшысы Айдын Қайруллаев хабарлады.
«Енді қызылордалықтар дайын құжаттарды немесе автокөлік нөмірін алу үшін мамандандырылған бөлімге бармай-ақ, курьер қызметін пайдалана отырып оны кез келген мекенжайға алдыруға мүмкіндіктері бар. Ол үшін Мамандандырылған бөлімге барып, автокөлік құжаттарын рәсімдеу кезінде қызмет көрсетуші маманға өтініш қалдыру қажет немесе электронды үкімет порталы арқылы өтінішті рәсімдеуге болады.
Бүгінде мамандар 20-дан астам қызмет алушыға құжаттары мен автокөлік нөмірлерін үйлеріне жеткізіп берген.
Айта кетейік, бұл құжаттарды үйге жеткізіп беру сервисінің құны – 2240 теңге. Қызмет алушы қызмет ақысын дайын құжаттарды алғаннан кейін төлейді.
18 қараша 2020 ж. 69 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области