Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық қайтарымсыз қаржы арқылы гүл бизнесін бастады

Қызылордалық қайтарымсыз қаржы арқылы гүл бизнесін бастады

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 2181 азамат «Бастау» жобасы бойынша онлайн біліктіліктерін жетілдірді. Оқыған азаматтардың 42 пайызының жобасы, нақтырақ айтқанда жалпы құны 515,9 млн теңгені құрайтын 914 жоба қаржыландырылды. Басым бөлігі «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз қаржы – грант иегері.
Онлайн оқудың игілігін көрген жандардың бірі – қызылордалық Салтанат Қылышбекқызы. Ол 10 жылдан бері гүл өсіру, гүлмен әрлеу, көркемдеу саласында еңбек етеді. Бұл бизнесте сұраныстың жоғары екенін байқаған кәсіпкер гүл дүкенін ашу мақсатында Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алады, «Бастау» жобасын онлайн оқып, бизнес біліктілігін арттырады. Осылайша «Еңбек» бағдарламасы аясындағы гранттық конкурсқа қатысып, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді.
«Бастау» жобасын онлайн бітіріп алғаннан кейін жобамды гранттық комиссия алдында қорғадым. Осылайша 555 600 грант ұтып алдым. Бұл кезге дейін Қызылорда қаласының орталығында жұмыс жасап келдім. Арманым гүлдер магазинін ашу керек еді. Оқудың арқасында өз бизнесімді аштым. Қазір «Шұғыла» мөлек ауданында аштым. Тұтынушылар риза, қуанышты. Табысым да, шүкір, жақсы», – дейді жас кәсіпкер Салтанат Қылышбекқызы.
Кәсіпкер бүгінде «Бастау» жобасында алған біліктілігін бизнесте қолданып, қызмет көрсету сапасын жетілдіре түсуде. Гүлден түрлі сыйлық түрлерін жоғары талғаммен жасайды. Бұл жерде оның бейнелеу өнері мамандығы бойынша алған кәсіби білімі де көмектесуде.
«Шұғыла» мөлтек ауданынан ашылған гүл дүкеніне келушілер қарасы да басым. Әр тұтынушының көңілінен шығу Салтанат үшін де жоғары мәртебе. Қызылордалықтарға кәсіпкер түрлі раушан гүлдерімен қоса, лала, экзотикалық гүлдерді де ұсынуда. Алдағы уақытта үй жағдайында өсірілетін гүл түрлерінің көлемін арттыруды жоспарлауда.
18 қараша 2020 ж. 55 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области