Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенатор Ақмарал Әлназарова Арал халқының денсаулығын қорғау мәселелесімен ДДҰ өкілімен кездесті

Сенатор Ақмарал Әлназарова Арал халқының денсаулығын қорғау мәселелесімен ДДҰ өкілімен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинвальмен кездесті.
Тараптар COVID-19-ға қарсы күрес мәселелерін, оның ішінде Қазақстандағы ағымдағы жағдайды, сонымен қатар Арал өңіріндегі халықтың денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады.
Сенатор Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанға Covid-19 пандемиясымен күресте көрсеткен жан-жақты қолдауы мен ынтымақтастығы үшін ДДҰ-ның ресми өкіліне алғыс айтты.
«ДДҰ билік органдарының маңызды серіктесі болып келеді, өйткені ұйым COVID-19-ға жауап ретінде техникалық ұсыныстар әзірлейді, өзге де техникалық білікті ресурстарын ұсынады. Бізді халық денсаулығын сақтау мен заң шығару мәселелеріндегі өзара ынтымақтастығымыз қуантады», – деп атап өтті Сенат депутаты.
Доктор Кларинваль, өз кезегінде, ДДҰ Қазақстанның COVID-19-ға қарсы күрестегі күш-жігерін, сондай-ақ пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген қазақстандық медицина қызметкерлерінің кәсібилігі мен жанкештілігін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ДДҰ Қазақстанға эпидемиология, қауіп-қатер коммуникациясы, логистика және өзге де денсаулық сақтау бағыттарында қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.
«Ынтымақтастық, өзара іс-қимыл, білім және ресурстар алмасу неғұрлым тез әрекет ету үшін аса маңызды, сондықтан халықтың денсаулығын қорғау жолында барлық тараптар арасында сындарлы диалог құра отырып, бір бағытта жүруді жалғастыру маңызды», – деп түйіндеді ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы.
17 қараша 2020 ж. 78 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области