Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Аймақ басшысы алдымен мейманды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, басқарма жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Сыр өңіріндегі діни ахуал жайлы сөз қозғады.
Өз кезегінде діни басқарманың төрағасы, бас мүфти Наурызбай Тағанұлы аймақта діни тұрақтылықтың сақталуына қолдау көрсетіп жатқан өңір басшысына алғысын білдіріп, басқарманың алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
«Сыр өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл өңірден көптеген жыршы-термешілер, ишандар, ахундар шыққаны белгілі. Сондықтан да бұл жерде ұлттық салт-дәстүр берік сақталған. Осының арқасында облыста діни ахуал тұрақты. Біздің басқарманың міндеті – ел арасындағы бірлікті, ынтымақтасты берік сақтау. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігіне сіздер тарапынан жасалып жатқан қолдаулардан хабардармыз. Осы сапарымызда да біз Сыр жұртшылығына дәстүрлі дінімізді, ата-баба мұрасын түсіндіру мақсатында келіп отырмыз. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесе отырып, біраз жұмыстарды атқарамыз деп сенеміз – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов.
Қазіргі таңда өңірде 7 конфессияға жататын 11 діни бірлестік және 174 мешіт тіркеліп, татулық пен бірлікте жұмыс жасауда. Аймақтағы мешіт қызметкерлері облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихат топтарының қызметіне атсалысып, дәстүрлі емес діни бағыттағы азаматтарды оңалту бағытында жан-жақты шаралар ұйымдастырылып келеді. Осының арқасында Сыр елінде діни ахуал тұрақты деп бағаланады.
17 қараша 2020 ж. 63 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области