Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қысқы дөңгелек ауыстырмаған жүргізушілерге 1 желтоқсаннан бастап айыппұл салынады

Қысқы дөңгелек ауыстырмаған жүргізушілерге 1 желтоқсаннан бастап айыппұл салынады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі Қағидалары мен Кеден Одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі» Техникалық регламентінде қыс мезгілінде желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы дөңгелектермен немесе тиекті шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады делінген.

Көлік құралдарына орнатылатын қыстық шиналар, ішінде қырау суреті бар үш шыңды тау түріндегі белгісі бар, сонымен қатар «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбалануы тиіс.

«1-ші желтоқсаннан бастап, көрсетілген талаптарды бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-«Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабының, 5-«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару» бөлігіне сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеміз», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
17 қараша 2020 ж. 129 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области