Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған қызды қорқытып, жезөкшелікке тартқан

Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған қызды қорқытып, жезөкшелікке тартқан

Kyzylorda-news.kz. Алматыда кәмелетке толмаған қызды бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға күштеген әйел ұсталды. Бұл туралы онлайн брифингте ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Кәміл Ғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен аптада ішкі істер министрлігі республика аумағында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді.

Үш күн ішінде адам саудасымен байланысты 65 қылмыс ашылған. Шара барысында жезөкшелікке тартудың 10 фактісі анықталды.

«Алматыда екі қызды алдау және бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Қызылорда облысының 26 жастағы тумасы ұсталды. Жәбірленушілердің біреуі – кәмелеттік жасқа толмаған қыз», – деді Ғалиев онлайн брифингте.

Полицейлер қылмысты әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде анықтады. Күдікті желіге жыныстық қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялаған.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетілуде.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда жеңгетайлықпен айналысқан екі қыз ұсталды. Олар 22 жастағы шымкенттік қыздың қиын жағдайын пайдаланып, оған клиенттер тауып беріп отырған.
16 қараша 2020 ж. 43 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области