Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда базар өртенді

Қазалыда базар өртенді

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында 15 қараша күні сағат 11-32 минутта №9 өрт сөндіру бөлімнің байланыс бекетіне аудан орталығындағы «Ару-Илия» базары өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті.

Оқиға орнына бөлімнің 2 өрт сөндіру автокөлігі және 15 жеке құрамы жетті. Нәтижесінде өрт 11 сағат 58 минутта толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында «Ару-Илия» сауда базарының бірінші қабатында орналасқан ет дүкенінің 3х3 көлемді төбесі өртенгені анықталды.

Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан орын алған деген болжам бар. Қазіргі таңда тілсіз жаудан келген шығынның көлемі анықталуда.
16 қараша 2020 ж. 62 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области