Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Біржан Нұрымбетов: «Еңбек» бағдарламасы бойынша әйелдерге берілетін несие ұлғайтылды

Біржан Нұрымбетов: «Еңбек» бағдарламасы бойынша әйелдерге берілетін несие ұлғайтылды

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Еңбек» бағдарламасы бойынша әйелдерге несие беру көлемі ұлғайтылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауылдың өркендеуіне әйелдердің қосып жатқан үлесі өте зор. Әйелдердің бастамаларына, ауыл әйелдеріне қолдау көрсету – маңызы бар іс. Бүгін де біздің еңбек нарығы жұмыспен қамтушы әйелдердің жоғары деңгейі мен білікті қызметкерлердің болуымен сипатталады. Ресми статистикаға жүгінсек, біздің елімізде экономикалық белсенді халықтың саны 9 млн 200 мыңға жетті. Оның жартысы – 4,5 миллионы әйелдер. Олардың 95 пайызы жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 1 млн 100 мыңы ауылда еңбек етіп жатқан әйелдер», – деді Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумына онлайн режимінде қатысқан Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша министрлік өз тарапынан жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, заманға сай дағдыларды үйрету бағытында бірқатар шаруа атқарылып келеді.
«Елімізде іске асырылып жатқан «Еңбек» бағдарламасы халқымызды жұмыспен қамтуға бағытталған. Біздің бағдарламада әйелдерге ерекше маңыз берілген. Биыл осы бағдарлама бойынша 246 мың әйел қатысты. Оның ішінде ауылда тұратындары – 123 мың адам. Осы жылы біз өз тарапымыздан бағдарламаға өзгеріс енгізіп, әйелдерге несие беру шаралары кеңейтілді. Бізде осы жылдан бастап көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар несие алып жатыр. Олар 22 млн теңгеге дейін ала алады», – деді ол.
13 қараша 2020 ж. 65 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области