Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

Қазалыда қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалыда қаржы саласының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, қаржыгерлерді мерекемен құттықтады.
«Тәуелсіздік алғаннан кейінгі біздің негізгі жетістіктеріміздің бірі ұлттық валюта – теңгенің пайда болуы. Қазір біздің валюта теңгемізді көптеген мемлекеттер біледі. Біздің теңгеміз өзінің дизайны жөнінен дүниежүзіндегі мықты валюталардың бірі болып есептеледі. Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, мемлекеттің экономикасының дамуына жұмыс жасау. Бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген қаржыгерлер ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосуда. Сондықтан бүгінгі мерекеде барлық қаржыгерлер мен қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын»! –деді аудан басшысы.
Құттықтау сөзінен кейін Мұрат Нәлхожаұлы бір топ қаржыгер мен банк қызметкерлерін облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Олардың қатарында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының бас менеджері Қанат Сүйеубаев, аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Жаңылған Құлниязова, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Айгүл Досанова, «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының есепшісі Райхан Сариева, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Қазалы филиалының бизнесті дамыту менеджері Шамшырақ Оспанова, Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Ербол Байғара, «КМF Микро қаржылық ұйым» ЖШС-нің Қазалы аудандық бөлімшесінің несие сарапшысы Нұрқәділ Құдайберген, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазалы аудандық бөлімшесінің аға менеджері Аманкүл Ерқожақызы, «Ақбота» бөбекжай балабақшасының есепшісі Гаухар Жұмағамбет, аудандық эконмика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің әдіскері Ақнұр Нұрғали бар.
Шарада сондай-ақ қаржы саласының ардагері Анаркүл Әлнияз жиналғандарға мерекелік лебізін білдіріп, қаржыгерлерді мерекелерімен құттықтады.
13 қараша 2020 ж. 57 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области