Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында жыл басынан бері 1203 ұрлық тіркелген

Қызылорда облысында жыл басынан бері 1203 ұрлық тіркелген

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері 1203 ұрлық қылмысы тіркеліп, 441-і ашылған. Ашылмай қалған қылмыстар бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Қызылорда облысының ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шамшидин Амитовтің айтуынша аталған санаттағы қылмыстардың болуының басты себебі тұрғындардың мүліктерін қараусыз қалдыруынан. Сондай-ақ ол мүлікті қорғау – мүлік иелерінің басты міндеттері екенін айтып, пәтерлерді пултьпен күзету қызметін пайдалану тиімді екенін ескертті.

«Ағымдағы жылдың 10 айында 214 мал ұрлығы тіркелді. Проблемалық мәселелердің бірі малдардың өрісте қолды болуы. Сондықтан, мал ұрлығының алдын-алу үшін пада ұйымдастырып, малдарды сырғалап, арнайы бақташымен немесе ұйымдасқан әдіспен бағуды және жайылымда жүрген малды қадағалауды жолға қою қажет деп санаймыз. Аумақ әкімдіктеріне ұсыныстар келтірілді», – дейді Қызылорда облысының ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шамшидин Амитов.
12 қараша 2020 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области