Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш ауданы коронавирустың екінші толқынына дайын ба?

Жалағаш ауданы коронавирустың екінші толқынына дайын ба?

Kyzylorda-news.kz. Аудандағы эпид ахуал күрделенген жағдайда «Ақтерек» жазғы лагерінде – 50, Мәдениет ауылдық ауруханасына – 100, барлығы 150 қосымша инфекциялық орын жасақталады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда Жалағаш аудандық ауруханасында барлығы 93 дәрігер, 442 орта буынды медицина қызметкерлері және 169 кіші буын қызметкерлері жұмыс атқаруда. Короновирус пандемиясына қарсы күреске аудан бойынша барлығы 182 медициналық қызметкер жұмылдырылған, оның ішінде – 24 дәрігер, 138 орта буынды қызметкерлер және 20 кіші аяжан қызмет атқарды. Осы аталған қызметкерлерге барлығы наурыз және қыркүйек айлары аралығында 76 132 100 теңге үстемақы төленді.

Ауданда эпид ахуал күрделеніп, екінші толқын басталған жағдайда короновирус пандемиясына қарсы күреске аудан бойынша 25 дәрігер, 140 орта буын қызметкері, 20 кіші аяжан жұмылдырады деп жоспарлануда.

Аурухана бойынша жасанды өкпені желдету (ӨЖЖ) ИВЛ аппараты 10 дана. Қазіргі таңда осы аппараттың 3 данасы инфекция бөлімшесінде, 1 данасы перзентхана бөлімшесінде, 6 данасы орталық аурухананың реанимация бөлімшесіне орналастырылған. 2 дана рентген аппараты, 2 дана флюрограф аппараты бар. Бұдан басқа, ауруханада 44 дана оттегі концентраторы, 40 дана оттегі балондарымен, 144 дана пульсоксиметр, 54 дана бесконтактный термометр және арнайы құрал – жабдықтармен толығымен жабдықталған.
12 қараша 2020 ж. 61 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области