Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рафхат Бисенов пен Бейбіткүл Кәрімова маңызды құжатқа қол қойды

Рафхат Бисенов пен Бейбіткүл Кәрімова маңызды құжатқа қол қойды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әріптестік меморандумын бекітті. Департамент басшысы Рафхат Бисенов пен Университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова маңызды құжатқа қол қойды.

Қол қою рәсіміне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры М.Әйтімов, Университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттер қатысты.

Шараны Университет ректоры Б.Кәрімова ашып, әріптестік бағытта жұмыс істеудің тиімділігін және өткен жылы іргелі оқу орнын тәмамдаған түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналасқанын атап өтті.
Департамент басшысы Р.Бисенов меморандумның мақсатын, міндеттерін және бағыттарын, «Мемлекеттік қызмет мектебінің» мүмкіндіктерін тілге тиек етті.

Меморандум аясында әріптестік байланысты жандандырып, негізгі 3 бағытта бірлескен шаралар жүзеге асырылады.
Бірінші, мемлекеттік қызметке кадрларды дайындау сапасын көтеру, кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Университетте «Мемлекеттік қызмет мектебін» құру.

Екінші, жаңа форматтағы кадр қызметкерлерін дайындау мақсатында HR-мамандарды оқытуды қолға алу. Бұл үшін Университет базасында «Адам ресурстарын басқару» бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл бағдарлама жаңа жылдан бастап енгізіліп, алдағы уақытта арнайы мамандық ретінде ашу мүмкіндігі қаралады.

Үшінші, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, электронды форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін көбейту және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Университетте «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын» ашу.

Меморандумға сәйкес университетті бітіруші курс студенттері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы базасында шеберлік сабақтарынан өтіп, мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтуі көзделуде.

Бұл ретте, М.Әйтімов Академия филиалының қызметімен таныстырып, «Мемлекеттік қызмет мектебі» тыңдаушыларын оқытуға дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, Департамент басшысы университет базасындағы тарихи-өлкетану музейін аралап, Сыр елінің тарихы туралы құнды мағлұматтармен және жәдігерлермен танысты.
12 қараша 2020 ж. 100 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области