Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында карантин жеңілдетілді

Қызылорда облысында карантин жеңілдетілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясы тіркелмеді. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Осылайша, 300 оқушыға дейінгі шағын жинақты мектептерде, ата-аналардың қалауы бойынша қарапайым мектептердегі кезекші сыныптарда 1-ден 5-ке дейінгі және халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді. Алайда сыныптағы баланың саны 15-тен аспауы тиіс.

Сондай-ақ театрларға залды 50%-ке дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Діни орындарда залды 30%-ке дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай құлшылық жасауға болады (жұма намазын қоспағанда).

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 3262 науқас анықталды.
12 қараша 2020 ж. 80 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области