Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық жас шахматшы республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Қызылордалық жас шахматшы республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрдәулет Таңатов Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған V онлайн-турнирде жеңіске жетті.
Жарыс «Almaty Online Chess Festival 2020» аясында өткізілді. Әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі жастағы барлығы 184 қазақстандық шахматшы ел чемпионы атағы үшін ақ-қара ойынында күш сынасты.
«6 жасымнан бастап осы спорт түрімен әуестенемін және шахмат бұл логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін арттырудағы негізгі көмек құралы деп санаймын», – дейді Нұрдәулет.
Жас спортшының қоржынында облыстық, республикалық және халықаралық турнирдегі жетістігін дәлелдейтін 30-дан астам марапат бар. 16 алтын, 9 күміс және 7 қола медальдің иегері әдеттегідей бірегей тактикасымен ерекшеленіп, республикалық шахмат аренасында тағы да жеңімпаз атанды.
«Турнир қорытындысы бойынша мен 6,5 ұпай жинап, 18 жасқа дейінгі категорияда бірінші орынды иелендім. Қарсыластар дайындығы мықты, әрі олардың арасында елдің атақты шахматшылары болды. Әр жарыс – мен үшін өз мүмкіндіктерімді бағалайтын, табысты ойын үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтайтын сабақ», – дейді чемпион.
Биылғы жылда Нұрдаулеттің жеткен тағы бір үлкен жетістігі – «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағына ие болуы.
11 қараша 2020 ж. 76 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области