Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді мешіттердің архитектурасы қазақы салт-санаға сай қалыптасады

Енді мешіттердің архитектурасы қазақы салт-санаға сай қалыптасады

Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас мүфтиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде жасаған қайырымдылық шаралары жайында айтып берді. Мүфтият ауруханаларға жасанды тыныс алдырту, оттегі аппараттары мен медициналық құрал-жабдықтар жеткізіп, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек пен бетпердені тегін таратқан. Ал «Ел үлесі – пәтерде» акциясы аясында 314 баспана берілді.
«Бұдан бөлек, Наурызбай қажы Тағанұлы имамдардың білімін көтеру мен кадр даярлау мәселелері жайында баяндады. Алдағы уақытта мүфтият «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау жұмыстарымен айналысатынын жеткізді», – делінген ресми хабарламада.
Кездесу кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы жоспарлары да сөз болды. Атап айтқанда, Ислам академиясын құру, Ислам және теология кітапханасын салу, еліміздегі мешіттердің архитектурасын қазақы салт-санаға сай қалыптастыру мәселелері айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.
10 қараша 2020 ж. 63 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области