Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

Қызылордада әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Әскери-техникалық мектеп» филиалының 14 сарбазы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып әскери ант қабылдады.
Бір айдан аса уақыт бойы әскери мектепте сарбаздар тиісті даярлықтардан өтті. Атап айтқанда, қарудан оқ ату мен тактикалық дайындықтарды меңгеру. Сонымен қатар, аз уақыт ішінде әскери тәртіппен танысып, түрлі әскери теориялық сабақ оқып, білгендерін іс-тәжірибеде қолдана білді.
«Әскери ант дегеніміз – ер азаматтың өмірінде бір-ақ рет болатын нәрсе. Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебінің сарбазы атандым. Сондықтан ерекше сезімде тұрмын. Осы мектепте оқыған уақыт аралықта біраз сабақтар өткізілді. Оқу-жаттығу алаңдарында болып, әскери шеберлікті меңгеріп шықтық. Жаумен бетпе-бет келгенде, қарусыз және қоршауда қалған жағдайдағы неше түрлі қоян-қолтық жекпе-жек өнерін меңгердік. Осы мектепті бітірген соң әскери қатарында қызмет етемін деген ойдамын», – деп өз ойымен бөлісті әскери-техникалық мектептің түлегі Абай Қалабаев.
Әскери мектеп қысқа мерзім ішінде жас өрендердің қарудан оқ атудан басқа да әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндік береді. Әскери-техникалық мектепті «атқыш» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін Қарулы Күштерімізге қызмет ететін азаматтардың саны артқан.
Бұл – әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің соңы емес. Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебі алдағы уақытта да Отанға адал қызмет ететін мамандарды қабылдайтын болады.
10 қараша 2020 ж. 80 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области