Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рухани жаңғыру: Қызылордада «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда

Рухани жаңғыру: Қызылордада «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда

Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде Қазақстанның киелі жерлер картасына енген 12 нысанға бейнеролик әзірленуде. Олар «Рухани жаңғыру» орталығының ресми ютуб каналына, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев мәлімдеді.
«Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1421 шара өткізілді. Пандемияға байланысты бірқатар іс-шаралар онлайн форматта болды. Аймақта «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде өз саласы бойынша жетістікке жеткен азаматтарды халық арасында танымал ету, еңбек жолын жастар арасында насихаттауды көздейді. Бүгінде 24 тұлғаның бейнеролигі түсірілді. Сондай-ақ, «Дәстүр мен ғұрып» және «Үнем – қоғам қуаты» атты жаңа арнайы жобалар бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар аясында 21 шара өткізілді», – деді Уәлихан Серікұлы.
Бұған қоса, республикалық «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Оған аудандар мен қаладан іріктеліп алынған азаматтар 4 номинация бойынша қатысып, үздіктер марапатталды.
10 қараша 2020 ж. 67 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области