Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Абайдың 175 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілуде

Қызылордада Абайдың 175 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілуде

Kyzylorda-news.kz. Өңірде Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілуде. Жыл басынан бері аталған мерейтойлар аясында 2 мыңға жуық мәдени іс-шаралар өткізілді.
Айта кетейік, басым бөлігі онлайн форматта ұйымдастырылды. Оның ішінде, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклімен басталып, мәдениет ұйымдарда республикалық ақындар айтысы, жазба ақындар мүшәйрасы, поэзия кештері, кітап көрмелері, Абай оқулары мен Абай әндерін орындаушылардың конкурс-концерттері барлығы 900-ге жуық мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Сыр елінде тұңғыш рет «Абай» операсы сахналанды. Қойылымға 100-ге жуық өнерпаздар қатысып, өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің мәртебесін асқақтатты. Сондай-ақ, қазан айында облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Абай жұлдызы» атты музыка және поэзия кеші онлайн форматта өткізілді. Шара барысында Абай мұралары өнердің барлық жанрлары арқылы насихатталды. Ұлы ақынға арналған мәдени шаралар әлі де өз жалғасын табады», – деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұршат Наурызбаева.
10 қараша 2020 ж. 43 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области