Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

Қызылорданың ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері облыстан 22,5 млн. долларды құрайтын 66,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) өзге елдерге экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде 97,8% өңделген өнімдерді шетке саудаланған. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жеткізілуде.

Барлық экспортталған өнімнің 91,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталған.

Есепті кезеңге 60,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 132,0 пайызға артып отыр.

Биылғы жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 421,5 тонна қамыс және Өзбекстанға 136 тонна бидай ұны жөнелтілді.
Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна мақсары майы, Ресей мемлекетіне 1270 тонна қарбыз, 137 тонна қауын экспортталды.
09 қараша 2020 ж. 65 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области