Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 6 партия сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылады

Қазақстанда 6 партия сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда алты саяси партия тіркелген болса, бүгінде олардың барлығы сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылап үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Партия өкілдері съездің күн тәртібінде – сайлау іс-шаралары мен тізім және бағдарламалар бекітілетінін растады.
11 қараша күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан коммунистік халықтық партиясының съезі өтеді.
18 қарашада «Ауыл» партиясының съезі өтеді. Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылатын шараға қатысушылар депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін, сондай-ақ партияның сайлауалды тұғырнамасын бекітеді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) съезі 13 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтеді.
«Адал» партиясының (бұрынғы «Бірлік») басқосуы 16 қарашада Нұр-Сұлтанда өтетіні жоспарланған.
«Ақ жол» партиясының сайлау алдындағы съезі 20 қарашада өтеді. Шешім партияның орталық кеңесінің пленумында қабылданды. Орталық кеңес съездің күн тәртібінің жобасын мақұлдады. Ол үш сұрақтан тұрады: партияның мәслихаттар мен парламент мәжілістеріне сайлауға қатысуы туралы, партиялық тізімдерді бекіту туралы, партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы туралы.
Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті, Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс ХХ съезін өткізу туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. Ол 2020 жылдың 25 қарашасында өтеді.
Сонымен қатар, Елбасы 2020 жылы 24 қарашада Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
09 қараша 2020 ж. 72 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области