Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Татар этносының мәдени күні өтті

Қызылордада Татар этносының мәдени күні өтті

Kyzylorda-news.kz. Достық үйінде Татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Татар этносының мәдени күні» өтті.

Татулық пен бірлікті нығайту мақсатында өткізілген шараны «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Азамат Мукеев ашты.

«Тәуелсіздікпен бірге шаңырақ көтерген орталық аталған жылдар ішінде еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Олардың белсенділері үнемі бас қосып, мәдени салт-дәстүрді жаңғыртуға атсалысып, бабадан қалған бай мұраларын сақтап қалуға барын салуда. Бастысы, олар бірлік пен бейбіт күндердің қадірін терең ұғынған. Сондықтан да өңірдегі ынтымақтың ұйытқысы болған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына олардың алғысы шексіз. Пандемия кезеңінде де бірлестіктің мүшелері онлайн режимге көшіп, барлық шараларға, мереке, байқауларға қатысып, өз белсенділіктерін танытты», – дей келе, бірлестіктің мүшелеріне достық пен татулықты берік ету жолында атқарған жұмысы үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық медалін табыстады.
Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина «Біздің күнделікті жұмысымыздың басты мазмұны қоғамдағы достық пен келісімді нығайту, жалпы рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелей отырып, ортақ үйіміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілікте болу», – деді.

Сондай-ақ, өңіріміздің дамуына сүбелі үлесін қосқан татар этносының мүшелеріне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмахановтың Алғыс хатын табыстады.

Мәдени күн аясында тыл ардагерлеріне Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хаттары да табыс етілді.

Шарада әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. «Жасмин» би тобының өнерпаздары әскердегі күндерді еске түсіретін «Көк орамал» биін орындады. «Сарман» вокалдық тобы мен солистер түрлі тілде өлеңдер оқып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әндерін шырқады.

09 қараша 2020 ж. 59 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области