Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 2 оттегі станциясы салынады

Қызылордада 2 оттегі станциясы салынады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты жыл басында 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті. Одан бөлек, Дүниежүзілік банк арқылы 47 дана ИВЛ аппараты келеді. Жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппаратын сатып алынбақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Қазір коронавирустық инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Сондай-ақ, материалдық базаны нығайту үшін лизинг арқылы республикалық бюджеттен 40 дана автокөлік алу жоспарлануда.

«Оттегі баллондарының жеткіліксіздігін жою мақсатында «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілігімен Қазалы ауданында 1 оттегі станциясы салынады. Ол Арал және Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз етеді. Ал екінші оттегі станциясы Көпбейінді облыстық аурухананың базасында салынады. Оған «ҚазГермұнай» компаниясы демеушілік жасауда. Бұл станция қала аумағындағы ауруханалардан бөлек, Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз ететін болады», – дейді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Сондай-ақ Қызылордада шілде айынан бастап мобильді бригадалар қызмет көрсетуде. Бес мың халыққа бір бригададан келеді. 38-і қалада болса, 28-і аудан орталықтарында, 95-і елді мекендерде.

«Мобильдік бригадалардың құрамы аймақтық дәрігер, мейірбике және жүргізушіден жасақталған. 161 мобильдік бригадаға 159 автокөлік берілген. Оның ішінде 57 автокөлік қала және аудан әкімдіктерінің қызметтік көліктері болса, қалған 102 автокөлік бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының автокөлігі. Бүгінгі күнге дейін мобильді топ 13368 шақыртуға барды», – деді облыс әкімінің орынбасары.
06 қараша 2020 ж. 66 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области