Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нағи Ілиясовтың тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды

Нағи Ілиясовтың тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған халқының батыр ұлы Нағи Ілиясовты еске алып, арда азаматтың елі үшін жасаған еңбегі мен соғыс жылдарындағы ерлік істеріне тоқталды. Сонымен бірге батырды ұлықтау 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар аясымен шектелмейтінін, Отан үшін жасалған ерлік, батырлық ісі мәңгілікке халық жадынан өшпейтінін айтты.

Ал шара аясында батыр туралы естеліктерімен бөліскен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Қазақ хандығы тұсында білек күшімен ел қорғаған Баймұрат батырдың алтыншы ұрпағы Нағи Ілиясовқа «батырлық қанмен берілген» – дейді.
Шара соңында батырдың өмір жолынан Нағи Ілиясовтың баласы Ринат Ілиясов естеліктер айтып, мемориалдық тақтаның ресми ашылды.
Айта кетейік, мемориалдық тақта Нағи Ілиясовтың 1969 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін тұрған Қазантаев көшесіндегі № 45-үйдің қабырғасына орнатылды.
06 қараша 2020 ж. 54 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области