Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта еңбек озаттары марапатталды

Жалағашта еңбек озаттары марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов жыл қорытындысымен ауылшаруашылығы саласы бойынша жоғары жетістіктерге жеткен еңбек озаттарын марапаттап, құттықтады.
Халқымыз «Несібесі мол елдің егіні бітік шығады» дейді. Халық айтса, қалт айтпайды, «Ақ күріштің Қостанайы» атанған Жалағаштың диқандары биыл да толайым табыстарға қол жеткізіп, үлкен сенімнен шықты.
«Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 13 млрд 762 млн теңгеге жетіп, өсім 2,3 пайызды құрады. Биыл да соңғы жылдарда қалыптасқан қарқынды сақтай алдық, 21600 гектарға жуық күріштің әр гектарынан 69,2 центнерден өнім алып, 150 мың тоннаға жуық Сыр маржаны ел қамбасына құйылды. Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 2 млрд 905 млн. теңге қаржыға 75 жаңа техника сатып алынды. Егін шаруашылығымен бірге, аудан экономикасының негізгі резервінің бірі – мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. Мемлекетіміздің осы саланы дамытуға жасаған қолдауының нәтижесінде төрт түлік малдың басы айтарлықтай өсіп, өнім өндіру ұлғайып келеді»,- деді аудан басшысы.
Үстіміздегі жылы «Озат шаруашылық» номинациясы бойынша Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі», Таң ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» ЖШС, Мырзабай ауылдық округіндегі «Егінші» ЖШС, Аламесек ауылдық округіндегі «Көктөбе» ШҚ марапатталды.
Айта кету керек, жыл қорытындысымен ауылшаруашылығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыс бойынша ең үздік аудан номинациясына екінші мәрте ие болды.
06 қараша 2020 ж. 59 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области