Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жаңа 16 жоба іске асырылады

Қызылордада жаңа 16 жоба іске асырылады

Kyzylorda-news.kz. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жаңа 16 жоба іске асырылады. Яғни, бүгінде шыны зауытының айналасында құны 16 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Шыны талшықтар, айналар және шыны ыдыстар өндірілетін болады.
«Қызылорда қаласының индустриялық аймағында айна шығару өндірісі бойынша жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан «Дана кварц» серіктестігінің өңірлік компаниясы анықталды. Сондай-ақ, ресейлік инвесторлармен 1,6 млрд. теңгеге дәрілік заттарды шығару жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұған қоса, қытайлық инвесторлармен құны 10 млрд. теңгеге күріш сабанынан целлюлоза өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі де қаралуда», – деді облыстық экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Алмагүл Нұрасылова.
Сонымен қатар, биыл аймақта құны 26,7 млрд. теңгені құрайтын 110 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 2051 жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінде 63 жобасы жүзеге асып, 548 жұмыс орны құрылды.
04 қараша 2020 ж. 87 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области